Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  85


Автор: Бесінбай Бегеніш

АҚЫНМЕН СЫРЛАС АУЫЛМЫН

Ақынмен талай сырластым,
Ойлармен ұшқыр құрдаспын.
Қызықтап далам пейілін,
Сұқтана қарап қырды астым.
Әбу де келген ауылмын.
Хамитта қонған ауылмын.
Солардан сұхбат сыр тарттым
Төсінде сонау бауырдың.
Әбіште келсе соғатын,
Өңірге сөз-гүл тағатын.
Жабырқау тартқан көңілге
Сөзімен шырақ жағатын.
Қызықтан биік тауымды ,
Делбеген жыр мен қауымды.
Сүйсініп жырлап кететін,
Сыйғызып, құшып ауылды.
Сусыған мынау құмдарым,
Ақынның тыңдап жырларын.
Шарықтап , шалқып кететін
Маужырап тұрған қырларым.
Жырлансын , ауыл жырлансын,
Ауылда , туып туғансың,
Жүйріктердің артында
Будақ-будақ жыр қалсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу