Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  68


Автор: Балта Қосбармақ

Асау қиял ала қашып...

Асау қиял ала қашып,
Қырларыңды кездім сан.
Ана сүтпен араласып
Кетті иісі боз, жусан.
Мен – жазылар әріптермін,
Мен – тартылар бір күймін.
Жүрегіме жарық бердің,
Жалын жағып, нұр құйдың.
Бар бақытым өзіңде өтті,
Өміріме от бердің.
Қияға ұшар кезім жетті,
Сезілмепті өткен күн.
Бәрі де есте қызықтарым,
Сенде өткізген кезім шат.
Жыр қылуға тізіп бәрін
Келер емес сөзім шақ.
Бір өзіңнен өлеңіме
Бастау алдым, нәр алдым.
Қалар болсам мен өмірде,
Ұлың болып қалармын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу