Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  176


Автор: Қазданбай Қосжанов

VІІ ӨЛЕҢ

Үніңнен сезілсе де май самалы,
Көзіңнен көзім неге тайсалады.
Балқытшы жүрегімді дариядай,
Толқытқан құм-қияны, сай-саланы.
Сен өзің ай болдың да аспандағы,
Өзіңнен басталды өмір баспалдағы.
Бұлқынды, асау жүрек жай таппады,
Секілді қызыл түлкі қақпандағы.
Алысқа асқақ арман сүйреп тегі,
Көңілден ұялаған күй кетпеді.
Күн түгіл, айды қуып, ай өтті ғой,
Қоясың қашан ғана сүйретпені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу