Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  64


Автор: Қазданбай Қосжанов

ІІІ ӨЛЕҢ

Ұйқыға мезгіл жетпей ұзақ таңнан,
Жаным бар жалынымен азаптанған.
Айлардың сырын ұқтым, жүгін ұқтым,
Күттіргсн жауабыңды аз аптаңнан.
Сен ғана сағыныштың отын жақтың,
Сонда мен қалай шыдап отырмақпын.
Тыныштық бүл күндері бүйырмады,
Өзіңнің журегіңнен от ұрлаппын.
Балықтай шөліркеттің дуа қылған,
Қандыршы жанымды мол су ағыннан.
Өмірден жарқылдаумен өтейін мен,
Жүрекке орын берші шуағыңнан.
Мен үшін жоқ қой сенен өтер адам,
Назды үнмен не айтсаң да көтере алам.
Тек қана шын жадырап күліп тұрып,
Сыйлашы жүрегіңді жеке маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу