Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  77


Автор: Қазданбай Қосжанов

АЙНА БҰЛАҚ

Табуға асыққандай жайлы тұрақ,
Сылдырлап әсем үнмен айна бұлақ.
Сап-салқын суы жерді бір жасартып,
Төменде ағып жатыр таудан құлап.
Тұнық аққан осы бір бұлақ суын,
Көргенде сездім өзім жан толқуын.
Мөлдір су қыз жүрегі секілді екен,
Тілемейтін арына кір жұғуын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу