Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  283


Автор: Қазданбай Қосжанов

СӨЙЛЕП ТҰРҒАН – МОСКВА!

Тебірентіп әлемдегі кәріні де, жасты да,
«Тыңдаңыздар, тындаңыздар!
Сөйлеп тұрған – Москва!».
Жауға – үрей, бақыт болып әлемдегі досқа нақ,
Ұшты тұңғыш корабльмен советтік ер космонавт.
Қажырлы ұста қоя салды қолындағы балғасын,
Ақын тынды аяқтамай тәтті жырдың жалғасын.
Ұмыт қалды суарылмай Үндінің де егіні,
Ұйып қалды өмір сүйген Африка негірі.
Өз қолына тұрғандай бол бейбітшілік туды алып,
Винтовкасын қоя салды егде солдат Кубалық.
Бүкіл әлем құлақ түрді қуанышты үн-тасқынға,
Өйткені тек барлық жерде:
«Сойлеп тұрган – Москва!».
Артта қалып ғасырларға арман болған бір өткел,
Лүпілдейді қуаныштан миллиондаған жүректер.
Асыл жанды адамдардың құлақтары елеңдеп,
Сезінеді, корабльде өзім ұшып келем деп.
Өйткені тек Гагариннің ерлік даңқын паш қыла,
Сөйлеп тұрған бар әлемде жалғыз ғана Москва.
Мақтанамыз өсіргенге ғасырдың зор түлғасын,
Апрельден есептейміз космостағы жыл басын.
Космостың Колумбысы ашса тұңғыш есігін,
Бас әріппен тарихқа оның жазамыз біз есімін.
Тебірентіп әлемдегі кәріні де, жасты да:
«Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған – Москва!».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу