Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  97


Автор: Қазданбай Қосжанов

ШОПАН МЕРЕЙІ

Кең дала ақ көрпеге оранды да,
Кешірдім бастан дауыл, боранды да.
Сақадай сай ғып алам жазда бәрін –
Пішен мен ашық-жабық қорамды да.
Қойлардың май шығады тартсаң түгін,
Қырықтым ақ мақтадай ақ мамығын.
Көз алмай жалықпастан күзетумен,
Өткіздім қыс пен жаздың талай түнін.
Майысып малмен өлке атырабы,
Шақырып думанына жатыр әні.
Сондықтан мақтанышпен дей аламын,
Бөл әнді – Еңбек әні, Батыр әні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу