Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  63


Автор: Қазданбай Қосжанов

АУЫЛЫМ

Елемей-ақ нөсерлеткен жауынын,
Аралайын қырларыңды, ауылым.
Сендегі өмір өзі әсем ән, өзі би,
Сағынбаймын астананың сауығын.
Ұлымын ғой кең тынысты даланың,
Сол даланың аралайын алабын.
Өлеңге өзек, өмірге азық болсын деп,
Қызыл гүлден бір шоқ үзіп алайын.
Сағындым ғой көптен сені, ауылым,
Аралайын мұнайшылар қауымын.
Өлеңімнен сезсін достар қалалық,
Қырдан ескен ер еңбектің дабылын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу