Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  86


Автор: Айсырға Қилыбаева

БІЗДЕР ҚАНДАЙ КҮШТІ ЕДІК!

Дүние – жалған,
Түбіне ешкім жеткен жоқ,
Алыс-жұлыс шайқасы әлі біткен жоқ.
Алмағайып күн туғанда басына
Мен досымды жауға тастап кеткем жоқ.
Шаршағанда досқа арқа сүйеймін,
Бірде толып, бірде арып, жүдеймін.
Тірлігімнің бәйтерегі сияқты
Достарымның мықтылығын тілеймін.
Мен достыққа адал-ақпын, берікпін,
Жандарына, арманына серікпін.
Қиқым-сиқым жинау емес мақсатым,
Дүниеден дос іздеуге келіппін.
Достық жайлы айтып талай ертегі,
Құрбыларым маған сырын шертеді.
Маған қарай жүзіп келді ақ кеме,
Дауылдарға құламайтын желкені.
Сендер жайлы жазып келем естелік,
Жалғандықтан, даралықтан сескеніп.
Жебір-жылдар еңкейтпеген еңсесін,
Ей, достарым, біздер қандай күшті едік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу