Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  76


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӨТПЕЛІ

Тіршіліктің бар көрінісі өтпелі,
Тек күн мен ай тапжылмайды көктегі.
Тауып, танып, дос болсаң да, бәрібір
Бала күнгі достарыңа жетпейді.
Бала кезде ойын басқа, ой басқа,
Есеюге жетелейді жол басқа.
Тәттіні де, ащыны да бөлісер
Сирегірек жолығасың шын досқа.
Үлкендер де балалығын қоймайды,
Қатарымен әзілдесіп, ойнайды.
Жылдар тартып алғанымен реңін,
Жүректегі қызыл бояу солмайды.
Бағың жайнап, өркен жайсаң саялы,
Күшігің де, мысығың да бағалы.
Бас қисайса кейбір досың танытпай,
Беттеріне басқа бояу жағады.
Өмір-өзен тоқтамастан ағады,
Күн менен ай жиі кірпік қағады.
Бала достар – адалдықтың сақшысы
Аңғар, таулар қашықтатқан араны.
Сағыныштар сарғайтады сананы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу