Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  64


Автор: Айсырға Қилыбаева

Көркем ой көкірегіме сыналасып...

Көркем ой көкірегіме сыналасып,
Тұрғанмен, сөзім кетеді қия басып.
Қиялым – толастамас жүйрік ағын,
Бір-бірін қуып жүрген қуаласып.
Санамды қайғы қажап, қаза болдым,
Келемін құлы болып азап ойдың.
Жүйкемді жұқартып жүр керіп, созып,
Кәдімгі көкпар тартқан қазақ ойын.
Жүремін мазам кетіп, жай таба алмай.
Бір күнді бір күн өтеді қайталамай.
Сапарлас серігіңе сену қиын,
Бармағын басып тұрған байқап алмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу