Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  237


Автор: Айсырға Қилыбаева

АҚТАУ

Теңіздің ерке самалы,
Желпиді ару қаланы.
Тізіліп аппақ отаулар,
Қанатын жайып барады.
Сыңғырлап күміс қоңырау,
Соққылап жатыр жағаны.
Шағала – аппақ омырау,
Керіліп, қанат қағады.
Жұмыртас таудан аумайды,
Кеудесін күнге аунатқан.
Қуалап толқын ойнайды,
Төбеден моншақ саулатқан.
Даланың сәні – бөкені,
Балықтың теңіз – мекені.
Келеді сақтап өмірді,
Теңіз бен Дала екеуі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу