Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  58


Автор: Серікбай Бердияров

Бұлтпенен бүркелмейді бет перде...

Бұлтпенен бүркелмейді бет перде,
Адал асты аймағыммен жеп көргем.
Жаратқанға мың бір шүкір,мың тәуба,
Аман-есен осы күнге жеткізген.
Таң ағарып,түн қабарып батады,
Біреу мақтап,біреу даттап жатады,
Табанынан тайғанақтап тал түсім,
Күреңденіп күн бесінге тақады.
Ізет,иба,жақсы мінез жайдары,
Аз ба,көп пе,адамдықтың айғағы.
Қарттық, шіркін, қара қазан қаспағы,
Жастық, шіркін, аппақ сүттің қаймағы.
Қандай әсем тіршілігі тірінің,
Өмір-өлең егіз-сыңар бір ұғым.
Ай болмаса,қара түнде не мән бар?
Лайланбаса екен деймін тұнығым,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу