Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  67


Автор: Серікбай Бердияров

Ауыл үймен келісіп-ап бағасын...

Ауыл үймен келісіп-ап бағасын,
Бақташылар сиыр қойын бағатын.
Соның бірі бөлімшенің тұрғыны
Өтеулі ата бір әулеттің ағасы.
Ала таңнан кешке салым келеді,
Тіпті басқа жинақтайтын төлемін.
Қайбіреулер уәдеден тайсақтап,
Аз ақшаның жырымдайтын көлемін.
Болмады деп қиналмайды қалаған,
Зәуіменен келсе қонақ даладан.
Қаңғалақтап орынынан тұрып-ап
Кемпір дейтін тамағыңды сала қал.
Айналайын неге келдің не болды?
Дастарханның мәзірінен же енді,
Деуіменен жоқты бардай ететін,
Ата жайлы айтылар жай көп енді.
Бүгінгідей сөйлегені күлгені,
Саңқылдаған дауысынан күндегі,
Келін тұрып,бала оянып жататын,
Қайда мұндай мамыражай күн көріс.
Көк есекке артып күндік азығын,
Мал қайыру болар ақтық жазылым.
Замананың тауқыметін көтерткен,
Тағдыр неге айтыңдаршы қазымыр.?
Не бітірді,нені қойды ақ сақал?
Ес кетіріп мазалайды аттасам.
Ақ көкірек шексіз дала дарқандық,
Жаны жомарт болмыс кейіп аққа тән,
Ақсақалды көзбен көрдік жатқа таң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу