Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  71


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ДҮРСІЛДЕ, ЖҮРЕК! . .

Өмірдің әлі жартысындамын,
Халқымның сүйген жан тұсындамын.
Дүрсілде,Жүрек!
Дүрсілде,Жүрек,
Дүрсілдеп өрге тартысың мәлім,
Мен әлі сенің алпысыңдамын!
Көктемнен өттім,күзден өтемін,
Сексеннен,тоқсан,жүзден өтемін.
Жүз жиырма жаста...қыз деп өтемін,
Ең ізде келдім...
Ізде кетемін!..
Жасаймын тасқа гүл көктегенше,
Бір көктем туар бір көктем өлсе!..
Дүрсілде,Жүрек!
Дүрсілде,Жүрек!..
Жүректі жұртың құрметтегенше!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу