Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  89


Автор: Қалбай Әбдіраманов

САҒЫНЫШ,САҒАН ДЕГЕН МАХАББАТТАН..

Жеткен жоқ бар өмірім шәй қайнауға,
Жаралған жан екенмін қайғы ойлауға.
Сен кеткен басқа ауылдың аржағынан,
Мен саған даусым жетпес айғайлауға.
Арада ағады өзен лайланып,
Өтпесім өзім түгіл, былайға анық.
Сағыныш,саған деген махаббаттан,
Барады басым менің шыр айналып.
Өмірдің соңы қырау,басы көктем,
Ешкім жоқ бұл тағдырдан қашып өткен.
Шөлдетіп су бойында сөл тамызбай,
Қай құдай мені саған ғашық еткен?!.
Қайғыңнан күшік құсап қыңсылармын,
Өлмесем қайта өмірге құлшынармын.
Күйгеннен өзің жайлы өлең жаздым,
Отырып саясында бір шынардың.
Күйдірмей шықсаң қайтті берілеуге.
Айналдым езілгеннен еңіреуге!..
Қайғысын басқа адамның түсінбейтін,
Тәңірім жолықтырды-ау меңіреуге.
Қараулық қайдан шығар ластанбасақ,
Ластанып,ластыққа мастанбасақ.
Зерігіп жұмыс жоқтан бір мүсінші,
Соққандай мүсініңді тастан қашап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу