Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  63


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ШОШЫНУ

Кеттi ғой жiгiт...
Жексен ғып кеттi жерменен,
Мәңгiге кеттi...сол шақта-ақ!..
Жылады сұлу,
Өмiрiнде жылап көрмеген,
Көзiнен жасы моншақтап!..
Алдынан кiлең шығады-ау иттер
қамалап,
Қорқытып бейпiл қаланың өңшең мастары.
Жыртады-ау бетiн дұшпаны келiп табалап,
Аяйды-ау ендi достары!..
Ақ қайың сөйлер,басынан сипап, елжiреп:
Қаймықпа,жаным,қайта есiл!..
Келмеске кеттi,
Мәңгiге кеттi...
Жел-жүрек,
Қамығып қайтесiң !..
О,өмiр,сондай малғұнға неге бұрасың,
Арада жоқпын!..
Бара алмай тұрмын!.. Тiстенiп!..
Мөлдiреп балғын
Жүрегiмде жүрген бiр асыл,
Секiрiп тұрдым... ТҮС КӨРIП...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу