Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  85


Автор: Оңайгүл Тұржан

ЗАЙСАН КӨЛI

Көл жатыр жарқыраған шарайнадай,
Аққу оны сындырды абайламай.
Сәнiң бөлек, Зайсан көл, әнiң бөлек,
Келбетiң құлпырады қалай-қалай.
Көк майсасы – ғажайып гүлдi кiлем,
Ақша бұлттар, Зайсанның түндiгi ме ең?
Бiрiн-бiр айқай-шу естiмеушi ед,
мұнда үнсiздiк
сөйлесер бiр-бiрiмен.
Тып-тыныш,
Көлдiң маңы абат қандай,
Тұнықтыққа арнайы жаратқандай.
Сұлулықтың ғажайып иран-бағы,
Жаныңа жұмақтан нұр таратқандай.
Көл жағалай жүгiрген тастар қандай,
Қара тастан өрiлген дастандардай.
Әуелде әлемдегi бар сұлулық,
тап осы ғажап жерден басталғандай.
Көлге кеп аунап жатқан аспан қандай,
Көзiңдi сұлулыққа ашқан қандай.
Толқыны саған келiп сәлем берiп,
Қайтадан айдынына қашқан қандай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу