Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  59


Автор: Оңайгүл Тұржан

СЕН МЕНІ ТҮСІН, ЕСІЛ КҮЗ

Сен мені түсін, есіл күз,
Қимасым!
Естен кетпесім!
Шықты да сенен кесілді із,
Арманға білді ол жетпесін.
Қос жанар –
Ол бір егіз көл,
Жеткізе алмай қиналам.
Арманым көр де –
Теңіз көр,
Толқыны суға сыймаған.
Үүндерін санап қауыстың
Ақ қағазға айттым сырымды.
Сия ғып түнді тауыстым,
Оқыды ол талай жырымды.
Дәптерде жатты күллі аспан,
Жұлдызы түгел көшті еріп.
Жұлдыз боп біз ғой сырласқан,
Таң атқанда да өшпедік.
Өшпейтін әнді толға, күн,
Жүз келіп көктем,
Жүз кетті.
Сағыныштардың салмағын,
Сары күз ғана білмекті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу