Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  153


Автор: Оңайгүл Тұржан

БАУЫРЛАРЫМА

Балдай бір бала тілмен,
Сағыныштың бір әнін салатын ең.
Сол әніңнің әуені жетер ме екен,
Құстардың қанатымен?
Сағынышың сарғайтқан қалпың ұнап,
Жетермін мен сендерге алқынып-ақ.
Бір анадан туған біз алтау едік,
Бір өзектен басталған алты бұлақ.
Әр біріңді ұқсатам толған айға,
өмірді өмір осылай жалғамай ма.
Бұлақтардың тағы да жалғасы бар,
Тек теңіздер суалып қалмағай да.
Қарсы жүріп соққан жел.
самалдарға,
Туған жерден ұшамын сан арманға.
Сендер барда хақым жоқ ез болуға,
Күрсінуден сақтасын анам барда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу