Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  106


Автор: Оңайгүл Тұржан

Мезгілден ерте келсейші, көктем...

Мезгілден ерте келсейші, көктем,
Көңілге құйып тоқшылық.
Ал бүгін маза бермей тұр, әттең,
Ауладан үрген жоқшылық.
Қалдырып ошақ-көгенін сенде,
Қалаға көшті шартарап.
Ауылдан қайтып келемін мен де,
Көңілім кетпен арқалап.
Қызылды-жасыл төгіле демі,
Көрген ол кімді жатсынып.
Қарсы алар қала Сені де,
Мені,
Бетіне күлкі жапсырып.
Көлденең келіп жайлығуға да,
Ешкімге дайын тахыт жоқ.
Қуануға да,
Қайғыруға да,
Қалада, сірә, уақыт жоқ.
Көктемім,
Маған жолыңды берші,
Шөл даланы да бау етер,
Алдымнан шығып қолыңды берші,
Тар жолда тұрған, тәуекел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу