Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Оңайгүл Тұржан

Көл қайда ақша бұлттың табы түскен...

Көл қайда ақша бұлттың табы түскен,
Ауыл қайда ошақта наны піскен?
Ел қалған ебелек шаш даланы ойлап,
Сағынышым көрші отыр сары түспен.
Көктем келді кілемін жаба қырға,
Гүлдер тұрды ойланып сабағында.
Жаз да келді – жүзім көз,
жауқазын-тіл,
Шегіртке жүр шілденің балағында.
Маңырар қозы-лағы көгендегі –
Сағындарды ауылдың кезең, белі.
Сары алтынан қарайды сабырлылық,
Жалғыз өткел секілді өзендегі.
Көрйнбейді көңілдер құрақ ұшқан,
Жастық шақ,
Даусың кеп тұр тым алыстан.
Ақ қағаз,
Саған тақтым ой-түймемді,
Өкінішке тон көктеп жұбаныштан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу