Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  126


Автор: Темір МЫҢЖАС

ГҮЛДАНА

Әні: Айтгүл Әбдіразақованікі
Өзіңменен теңеседі
Гүл ғана,
Аққу көркің
Өзге жаннан тұр дара.
Асылым-бағым,
Ғашығым-жаным сен ғана.
Гүлдана, Гүлдана, Гүлдана.
Қабағыңа қонбасыншы
Мұң-нала,
Кездескенде тұршы күліп,
Нұрлана.
Асылым-бағым,
Ғашығым-жаным сен ғана.
Гүлдана, Гүлдана, Гүлдана.
Гүлдана деп,
Әндетемін ырғала,
Әуеніме тербеледі
Қыр –дала.
Асылым-бағым,
Ғашығым-жаным сен ғана.
Гүлдана, Гүлдана, Гүлдана




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу