Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  98


Автор: Темір МЫҢЖАС

Арды түйіп, пайда ойлап жүргендер...

Арды түйіп, пайда ойлап жүргендер,
Көзге ілер ме, билігі жоқ ақынды.
Ебін тауып, екі асауды білген жан,
Болады екен елден ерек «ақылды».
Төрде отырып, кеңес құрар қария,
Қошеметтеп, пұлдыны жүр жағалап.
Құлқын үшін пысқырмайды арына,
Өмір мәнін тек байлықпен бағалап.
Сөзімді айтып, тоқтатып ем жөнсізді,
Түсінбеді ол, өзіме кек сақтады.
Ойлап едім, жұрт ұғынар, ел-сүзгі,
Кейбіреуге бұл қылығым жақпады.
Бөріктілер үміт күтіп, ел сенген,
Құлқыны мен қара басын күйттеп жүр.
Ақыл, білім, еңбек деген өлшемнен,
Қалмай барад ұшқын дағы титтей бір.
Осылайша пайда қуып, жанығып,
Дәрмені мен мәзі кетсе ортаның,
Қара басып, діл мен тілден жаңылып,
Қазақтығым қалмай ма деп қорқамын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу