Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  128


Автор: Төлеген Жанғалиев

Тілек

(Мұхтар Абырарұлына)
Құйқылжып шырқайтұғын құба таңнан,
Таңдайына таң құсы ұя салған.
Абай айтқан: «атаның ұлы болмай,
Адамның баласы боп» туа салған,
Біз Мұхтар інімізбен мақтанамыз,
Тұғырын жасап алған ұят, ардан!
Сол тұғыр асқақтасын «Алатаудай»,
Қасиетін дарытып «Қаратаудай».
«Шыңғыстау», «Тарбағатай», «Алтай» құсап,
Әрқашан тұра берсін аласармай,
Елбасы Нұрекеміз аман болсын,
Ерлерін тани білген нар атандай,
Абайды Алласындай пір тұтатын,
Бабасы болмаса егер, бағасы аздай,
Алаштың арда туған Мұхтар ұлы,
Алдына жүре берсін, қара салмай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу