Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  71


Автор: Төлеген Жанғалиев

Хрусталь да емеспін...

Хрусталь да емеспін,
Кристальмын демеспін.
Періште емес, пендемін,
Менде де бар демек мін.
Менде де бар кемістік,
Мезгіл болды желіктік.
Мезгіл өтті, біз қалдық,
Мезі – ойларды кемік қып.
Келмейтұғын кілт дәл,
Қайда барсақ құлып бар.
Бажырайып қарайды,
Бау бақша мен клубтар.
Заман деген заңгерге,
Қарсы тұру қайда елге.
Қамаламыз біз енді,
Қарттық атты «торкөзге».
Қарттықты тамұқ демеспін,
Жұмақтан үмітсіз емеспін,
Қадірің болып халыққа,
Қартайғанға шіркін, не жетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу