Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  62


Автор: Төлеген Жанғалиев

Керек кезде келіп тұр-ау жуысқың...

Керек кезде келіп тұр-ау жуысқың,
Туыссың ба, мен де саған туыспын.
Туыстықты тану керек бірақ та,
Қырынды емес, жүзінді ылғи қылыштың.
Қулық бітіп, сұмдық түсіп қу жанға,
Басқа амал жоқ, бас шабар боп тұрғанда.
Балтаға әкеп басын тосқан туыс сол,
Басқа туыс, туыс емес, бұлданба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу