Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  68


Автор: Баян Тіленшина

Ұлағатты ұлы есім

Ұстаз,ұстаз! 
Ұлағатты ұлы есім!
Ұлылықпен дараланған,білесің.
Қаншама жыл еңбек еттің шаршамай,
Шәкірттерің көңіліңе гүл ексін.
Туған жерің – Қайнар-бұлақ бастауы,
Мүмкін емес талантыңды ашпауы,
Керім бабам білім шамын жаққан жан,
Мүмкін емес уақыт бұлақ ластауы.
Ұстаз,ұстаз! Метеп ана қос ұғым,
Үйреттіңіз өмірдің жөн-жосығын.
Білім нұрмен азамат боп жетілдік,
Алғысымды сізге арнаймын осы күн.
Ұстаз,ұстаз! Үйреттің ізгілікпен,
Әр балаға қарайсың ізгі үмітпен,
Тіленшин Керім баба жолын қуар,
Жыр арнайды шәкірттер Сіз түлеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу