Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  370


Автор: Артюр Рембо

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

А – қара.
Е – ақ.
И – қызыл.
У – жасыл.
О – көк...
Іздендім.
Дауысты дыбыс,
туған күндеріңіз сіздердің.
Тағы да ашам...
А – түкті қара шыбындар ән салып,
Сасық төмпектің үстінде отыр тамсанып.
Е – ақ шатырлар мен мақтадай қарға оранған
Төбелер,
тәждің жарқылы һәм тоңған гүлдер бораннан.
И – түкіріктің қаны,
кек алған сәтте былш еткен,
Есірік күлкі,
жынды ашу –
 жарақаттарға күл сепкен.
У – шырын теңіздің айлағы,
күннің астында қақталған,
Жайлаулар менен әжімдер сыры –
Жазық маңдайға тап салған.
Түн тыныштығы – алхимиямен сақталған.
О – алғашқы керней, –
өткір де оғаш саңқылы,
Әлемдер,
Елдер
һәм періштелер,
қайтқан құстардың қаңқылы.
Омега – ақырғы һәріп,
соңғы күніміздің тамтығы, –
Көгілдір Сәуле және оның Жасыл көзінің жарқылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу