19.07.2022
  1906


Автор: Баян Тіленшина

Ұлым – Ерікке тілек

Той болсын
Тірлікте жылдар маусымды,
Жатташы осы даусымды,
тасыған бұлақ –тілегім,
тоғысып Саған таусылды.
Балғыным, бір сәт қатайсаң,
Жыласаң жыла тау сынды.
Көтеріп тағдыр салмағын,
Жанымды Саған арнадым,
Өзгеге қандай болсаң да,
Өзіңсің сұңқар, тарланым.
Жетпеген мұрат –арманым,
Жан балам, Саған жалғадым.
Озғанды сенен күндеме,
Жол тапшы тұман, түнде де,
Сылдыр су сөзге шөлдеме,
Көзің бір жетпей шын деме.
Құрметтеп өткіз әр күнді,
Бұл өмір біреу, мың деме.
Сең болсын шемен талай мұң,
Жылу бер елге, арайлым.
О, рухтар, сақта тіл- көзден,
Сұқтанғандарға бол айбын,
Анаңа сенсіз өмір жоқ,
Сондықтан Күнге балаймын.
Алғаның жарқын Ай болсын,
Ақыл мен мінез сай болсын.
Тау қатпарлы санаңа,
Ақ ұлпа бұлыт –ой қонсын.
Жинаған малым шашу боп,
Той болсын!
Тағы той болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу