17.07.2022
  3874


Автор: Түс жору

Есік: түсінде есік көру—сол үйдің отағасын білдіреді. Есігінің ашық екендігін көру—молшылықтың белгісі. Кейбір кездері үй есіктерін әйел деп те жорамалдаған. Жабық есік—тұрмысқа шықпаған қызды, ал ашық есік—жесір әйелді білдіреді. Үйдің есігі ауысқанын көру—үй иесінің әл-ахуалының өзгеретінін білдіреді. Үйінің екі есігі бар екенін көру—әйелінің ұрысқақ, жанжалшы екенінің белгісі. Танымайтын, бөтен есіктерді көру—білім, рызықты, пайданы, жолшылықты, түс көрушінің пайдасына жорылады. Есігінің жаңа екенін көру—жақсылықтың белгісі. Есігін жаба алмауын көру—әйелі екеуінің арасындағы түсінбеушілікті білдіреді. Ескі есігін алып, жаңа есік қойғанын көрсе—егер үйін сатып жатқан болса, жақсы, қымбат бағаға сататындығының белгісі. Егер бір есікті түсінде қағатын болса, оған ішінен біреу жауап берсе, онда кісі мұратына жететіндігін білдіреді. Үй есігінің құлап жатқанын көру—ауру кісі болса, шипа табатынын білдіреді. Бұндай түс көру—жақсылықтың белгісі. Тар есіктен кең жерге шыққанын көру—қиыншылықтан құтылатынының белгісі. Үйіне бір есік жасап жатқанын көру—үйленудің белгісі. Танымайтын үйдің есігін ашу—сол үйдің егесінен жәрдем сұраудың белгісі. Бір есікті жауып, басқа бір есікті ашқанын көру—жаңадан келін түсіретіндігінің белгісі. Үйдің есігі—отағасын, бөлмелер есігі—әйелін, асхана есігі—рызықтың белгісі. Бөлмелердің есігі жаңа болса—онда әйелінің ашық, жақсы мінезді болғандығының, ал егер есіктер ескі болса—әйелінің мінезі жанжалшыл, жаман екендігінің белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу