Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  115


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

АССАЛАУМАҒАЛАЙКҮМ, ТӨЛЕК БАЙЫМ!

Ассалаумағалейкүм, Төлек байым,
Мойны озған сиыршыдан бөлек байым.
Көктемде жабағысын сататұғын,
Сарт, ноғай, саудагерге керек байым.
Өзге елден еліңіздің кедейі кеп,
Бересіз қай кездерде көмек, байым?
Мына аттың майын мініп, мына қойды
Беретін күнің бар ма же деп, байым?
Өзге елдің байларымен салыстырсам,
Мақтанам оларға мен не деп, байым?
Базарың мына тұрған
Талдықорған,
Апарып беріп жүрсің малды қолдан.
Береке, қайырымыңыз кеміді ғой,
Кедейдің еліндегі арлы болған.
Көктемде жұртқа тастап кете алмайсыз,
Туыстан қашасыз ба жарлы болған?
Жылына зекетіңді бөліп бергін,
Ислам шариғатына заңды болған.
Сіз менен аясаң да аттың майын,
Мен сізден аямаспын жақтың майын.
Қыстағы сұр, жаздағы бағлан қозы,
Сыбағам, ішкен қымыз, жеген майым.
Бай бар ма сиыршыда сізден өтер,
Басқа елдің не қылайын Қарынбайын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу