Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жүрген жерің бұдыр ма, әлде тегіс пе...

Жүрген жерің бұдыр ма, әлде тегіс пе,
Ажал үшін пенделер де шемішке.
Дәнін сорып, шағып-шағып тастайды,
Ең әуелі қуырып ап шөмішке.
Ыза буып, құмар болсаң керіске,
Адам қарғап, лағынет айтар періште.
Тірлігіңде тура жолдан тайқысаң,
Түсің қашып, ісің кетер теріске.
Мал емессің жайылатын өрісте,
Ықылас қыл ізгілік пен жөн іске.
«Ексең нені, соны орасың» – деген бар,
Ырза болғын өсіп шыққан жеміске.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу