Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  140


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Талай кісі қайтып кетті Бақиға...

Талай кісі қайтып кетті Бақиға,
Қарақшы да, қайыршы да, сахи да.
Фәнидегі көрген қызық, сайраны
Жұмақтағы жалғыз күнге тати ма?!
Қарынбайлар мал мен мүлкін жинаған,
Кедейлерге тышқақ лағын қимаған,
Жер бетіне келсе қайта тіріліп,
Сарайларын көрер еді қираған.
Патшалар да алжаспаған ақылдан,
Ажыраған тірліктегі қоқымнан,
Жер бетіне келсе қайта тіріліп,
Ескерткішін көрер еді шашылған.
Ойламаған қара бастың құр қамын,
Құлшылықпен қарсы алатын нұр-таңын,
Жер бетіне келсе қайта тіріліп,
Көрер еді өсіп-өнген ұрпағын.
Тоқал ешкі дәметкенде жұмақтан,
Мүйіз сұрап, айырылған құлақтан.
Иманды бол!
Сабырлы бол!
Берік бол!
Тіршілікте өту үшін сынақтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу