Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  65


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Зор тынысты...

Зор тынысты,
Жасап берген жалықпай жарқын істі,
Бар әлемді жарылқап, нұрын берген,
Жер мен суды толтырып тірілермен,
Көк аспанға ұшырған көркем құсты,
Шындық сүйгіш, қаҺарлы әрі күшті,
Жүрегімде туғызған толқынысты,
Құдіреттің алдында есеп беру –
Қорқынышты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу