Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  91


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күннің айдан озуына болмайды...

Күннің айдан озуына болмайды,
Түн күндізді басып оза алмайды.
Мезгіл жетпей таң ешқашан атпайды,
Қызу кетпей күн де ұяға қонбайды.
КүнәҺарлар есіне алса Құдайды,
Істеріне кешу сұрап жылайды.
Демі бітсе өлмейтұғын пенде жоқ,
Күні жетсе, таудың өзі құлайды.
Адамдардың ақылынан алжасқан
Қылша мойнын қиып түсер алдаспан.
Тән жер болып, оған қайта гүл шығар,
Өмір осы мәңгі-бақи жалғасқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу