Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бірін көріп, бірін көрмей жатқан мына жалғанда...

Бірін көріп, бірін көрмей жатқан мына жалғанда,
Жертөледе жанған шырақ жап-жарық деп алданба.
Аласаны төбе санап, шығамын деп таласпа,
Аспандағы көрікті айды нұрлы күн деп адаспа.
Бағып-қаққан малың болса, сыры мәлім халыққа,
Қос мүйізін көріп тұрсаң, сүзеді деп қорықпа.
Асыр салып жүрген шабақ шығып қалса жағаға,
Суға қайта жібермесе, тірі болып қала ма?!
Су түбінде жүзген адам ауа жетпей жатқанда,
Өзі барып ұрынғандай құрып қойған қақпанға.
Биік шыңға шыққандардың тыныстары тарылып,
Етекте өткен жақсы күнін еске алады сағынып.
Кімде сақал, кімде көрік, кімде биік бой ғана,
Көсем серке қой бастаса, ақылды деп ойлама...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу