Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  140


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

Маңғыстау туған өлке атамекен...

Маңғыстау туған өлке атамекен,
Жер барма жерұйықтай сенен өткен.
Шіліңгір шілде туса аңызақты,
Қыс болса борасын жел аяз өпкен.
Шарласа шартарапты құс қиялың,
Бойыңа балғын-бұла күш құярың.
Мәнерлеп мәрттігіңді жырлап өткен,
Мөңкеұлы Мұрат ақын «Үш қияның».
Зұлматты зар заманда зарлық төккен,
Шеменін шерлі елің жыр ғып кеткен.
Күңіреніп көшін артып босқан елмен,
Тұмар ғып топырағыңды алып кеткен.
Жанарын шырқау көктен қыран салар,
Ұлдарың ұран-отпен ұран салар.
Бабамның байрақ тіккен байтақ елі.
Жат жерде әкем өксіп сені аңсаған.
Жаныма жасын тектес жырды құям,
Қоймаң бар ашылмаған мың құпияң.
Боз інген боз төбелер шөгіп жатқан,
Май түбек малы қоңды құмды қиян.
Шығысың баршын құммен басталатын,
Бесқұдық, Мырзайыр мен Итқарақұм.
Жалғасқан Сеңгір, Босбан, Сенек болып,
Қарынжарық, Тышқанды, Аспарақұм.
Туған жер түле түбек шалқы нұрдан,
Зер салар зерделі ел сан қырыңнан.
Матай менАспантайың аспанға ұлып,
Сәт сайын сырласады Сам құмымен.
Туған жер тулап бойда қуатты ағын
Үстіртің найза шыңды қыраттарың.
Күйкен мен Ақшабасың, Қаратүйе,
Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қияқтарың.
Шың десем шыңырауға арай ұшқан,
Маната, Қараған мен Ақарыстан.
Кендірлі, Елшібек пен шың Сүйірше,
Ақмыштау, Айрықты мен Жабай ұшқан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу