Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  103


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Батыр, балуан Балтекем!

Жүрегіне әр қазақтың от тастаған, Балтекем,
Мәңгілік елі жырлайтын көпке асқақ ән, Балтекем.
Бейбіт елге тұтқиылдан басқыншы жау келгенде,
Балуанияз, Тұрманбетке қосылып топ бастаған, Балтекем!
Жауларына соқтыққан табыт болған, Балтекем,
Ас беріп еске алатын уақыт болған, Балтекем.
«Балуанияз» дастанын сенбесең достар оқып көр,
Қалниязға көзбе-көз шабыт болған, Балтекем!
Бақытына халқының туылып қалған, Балтекем,
Есерлерді от қолына қуырып алған, Балтекем.
Сонау бала кезінен аты шыққан жүйрігім,
Сан түйені құдықтан суырып алған, Балтекем!
Қай істе де теңі жоқ, тарлан болған, Балтекем,
Кемітер дұшпан жері жоқ, арлан болған, Балтекем.
Менменсінген Қоңыраудай талайларды майырған,
Жауырыны жерге тимеген Балуан болған Балтекем!
О, бастан соғыс ісінен көп хабары болған, Балтекем,
Тіке қараса жасқантар от жанары болған, Балтекем.
Дәу кеудесімен от өрген, Адайдың туын көтерген,
Атақты Асар сұпының оқ қағары болған, Балтекем!
Мына өмірде қазір жоқ, бар болған, Балтекем,
Қолға ілінген қарсыласы көкпар болған, Балтекем.
Қазақ деген халықтың алыптығын танытқан,
Әр жұдырығы соғатын шоқпар болған, Балтекем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу