Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  123


Автор: Жасұлан СЕРІК

Сені ұнаттым

Сені ұнаттым сергелдең күйде жүріп,
Күдік күнді күтуден именді үміт.
Сүрініп тар қапаста қалып қойды,
Өзіңді бұрынырақ сүйген жігіт.
Тамсандырып неліктен құр алдадым,
Солдырып алдым, білем, гүл арманын.
Бір кінәмді алдыңда мойындаймын,
Ұға алмадым сырыңды, ұға алмадым.
Әр сезімде болмай ма тұрақтылық?
Жатқан шығар кеудеңде сұрақ тұнып.
Кешірімді сұрадым жылап тұрып,
Екеумізге келгенде, айтшы, неге?
Тозақ ашық, құрғыр-ай, жұмақ құлып.
Сезім-дауыл жері бар ма шайқамаған?
(Қиялдан қанат қағып ой тараған).
Мен қанша өкінсемде өткен іске,
Оралар ма екенсің қайта маған?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу