Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  78


Автор: Ғали Орманов

КƏРІНІҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ

Қай-қайдан басы қосылған
Көремін бір топ кемпірді.
Қарайлап шықпай қасымнан
Солар-ақ мені өлтірді.
Солардың тайқап қалпынан
Бұрғанмен кенет көзімді,
Апыр-ау, соның артынан
Жасырам қайда өзімді?
Көруге көңіл құмартқан
Жан еді бұлар бір кезде.
Қиырда сонау мұнартқан
Елестеп əлі тұр көзге.
Аңсатқан сонша жасымда
Қайда екен солар бұл кезде?
Отырған жандар қасымда,
Байқасам, қазір мүлде өзге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу