Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  97


Автор: Ғали Орманов

Шамасыз адам емеспін

Шамасыз адам емеспін
Біреуге шағым еткендей.
Қағытқан жанжал-егестің
Кетемін бірін кек көрмей.
Өкпеге ондай ой бөлсем
Өлеңге орын қалар ма?
Өсекке малтып онда өңшең,
Ұрынбас па едім арнаға.
Жуымай ашу-айғайға,
Өзімді аулақ ұстайын.
Тояттар іздеп, қай-қайда
Қажымай самғап ұшайын.
Жалықпай ылғи жол тартып,
Шуағын жырдың құшайын.
Жанымды солар жасартып,
Жарылқар, бəлкім, жыл сайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу