Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Ғали Орманов

Қаралы ылғи ту көтерген

Қаралы ылғи ту көтерген
Тұрды еңіреп нешеме ұлт.
Қолымызға күн əперген.
Қош, данышпан! – деседі жұрт.
Халайықтың жаны жылап
Естігенде айтқан сөзін,
Тұра алмайсың сен де шыдап,
Егілесің қосыла өзің.
Екі көзі жасқа толып,
Қарс айрылып көкірегің,
Жүдеп тұрған жүзің солып
Шақ еді бір, жоқ сүреңің!
Жұрт көңілін бұрған тынбай
Ұмытпаймын мен сол кезді.
Өлмес өмір ұранындай
Жаңғырды ұлы Ленин сөзі.
Осы сөзге түгел ұйып
Тырс үндемей тұрды халқым;
Көкейіне түгел құйып
Партияның берген антын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу