Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  77


Автор: Ғали Орманов

ШОПАНДАР ТОЙЫНДА

Тап болдым тойларыңа Үш төбеде,
Мұндай той тұтқиылда тұс келе ме?
Жасаған қазақ үйден қалаларың
Кірмесін ертегідей түске неге?
Кілемдей көк майсаға көміп аяқ,
Қалаңды араладым мен де аяңдап.
Маздаған маңдайшада алтын жазу
Малшының мақтанышын тұр баяндап.
Кеудесін дүбірлеткен талай-талай,
Ертеде көрген шығар тойды Шадай
Ат болса, ауқаттының тақымында,
Көрді ме бірге қызық жарлы мен бай?
Малшы алған тойда қазір төрден орын.
Сүйсінер сымбатына көрген оның.
Бітімі сахараның батырындай,
Шытырман көкірегі толған орден.
Осылай көре-көре тойда əркімді,
Таныдым талмас талап, ойларыңды.
Өзгеден еңбегімен озық тұрған
Көрейін қашан болсын бойларыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу