Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  89


Автор: Ғали Орманов

А...ҒА

Жүзіңді күнде көріп тамылжыған,
Жылынып жүрді көп жыл жаным бұған:
Жалт еткен күлкің серпіп жіберетін
Көңілімді жазатайым абыржыған.
Шағым жоқ сауық іздеп, сағым қуған,
Тартқан жоқ ауқымына дабыр-думан;
Елестеп еркелеген бір мінезің,
Еңсетіп қайда жүрсем сағындырған.
Жас кезің жаралғандай жалын-нұрдан,
Жар едің жан көңілін жалындырған.
Қоңылтақ, көзге солғын тарттың неге,
Айрылған кəрі ағаштай қабығынан?
Саяңда сайрасам да сан қонақтап,
Көркіңді қалмағамын неге сақтап?
Ақ шалған əр шашыңа жалтаңдаймын,
Жаураған жыл құсындай жазын жоқтап.
Көргенмен жаздың əсем бар мəзірін,
Өкініп жазар, сірə, аз ба жырың?
Маңайың қысқа қарай құлазыса,
Білесің мəуе толы жаз қадірін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу