Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  58


Автор: Ғали Орманов

ДҮРМЕК

Шомылған жұрт теңізге,
Тола қонған құсқа ұқсас.
Түгел таңсық ол бізге,
Теңізіңнен түк те ұқпас.
Сушылдарды көресің,
Жеп-жеңілтек, тым жүйрік.
Күнге күйген денесін
Дегендейсің құдды үйрек.
Көбі толқын жалында
Бірге ойысып, ырғиды;
Жабысқандай ағынға,
Жарасымды бір қилы.
Ұйтқиды оң мен солымда,
Толқынға олар оранып.
Мен де жүрмін тобында
Шағаладай бозарып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу