Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  80


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ертеңге жоспар жасаймыз...

Ертеңге жоспар жасаймыз,
Бүгін не боларың белгісіз.
Əлденеменені аңсаймыз,
Көңіл азға көнгісіз.
Етек-жеңді кең салып,
Желге қарсы гуледік.
Қайран да қайран, денсаулық,
Қадіріңді білмедік.
Білгеннің де мүйізі
Қарағайдай болған жоқ.
Бəрі тағдыр – негізі,
Ажалға соғар қорған жоқ.
«Бəленше солай, бəленше
Бұлай екен» – деп қайтеміз.
Бір күн дəмің жүрмесе, –
Бəріміз де сөйтеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу