Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  53


Автор: Ғафу Қайырбеков

«Ақтиіндер» – дейміз біз...

«Ақтиіндер» – дейміз біз,
Бірақ қазір ақ емес.
Əлі мұнда күрең күз –
Ағаратын шағы емес.
Кедір ағаш басында
Кептіріп ап маңдайды,
Күрең күннің астында
Күрең тиін ойнайды.
Тиін бе əлде сəуле ме
Жапыраққа сүрінген, –
Түсесің бір əуреге
Түк ұқпаған түріңмен.
Сол кезде тас төбеңнен
Топ етеді бір жаңғақ.
Сосын тағы... терем мен
Екі қолым тырбаңдап.
Қайран, тəңірім пендесі
Ойы шапшаң кірлейтін.
Бірдемені бермесе,
Кімді-кім деп білмейтін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу