Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  95


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қақшиып Хан тəңірінің тұрды басы...

Қақшиып Хан тəңірінің тұрды басы,
Жарқырап бұлтпен сүрткен дулығасы.
Тянь-Шаньнің жамыраған көп əулеті
Қараған ауызына бір ағасы.
Сүйенген сол ағаның иығына,
Ақшаңқан оң қанатта «Іле басы»,
Ай қадап піспегінің күмбезіне
Күндіз-түн күмпілдеген сар сабасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу