Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  150


Автор: Ғафу Қайырбеков

Мұнда ең бай əдебиет музейі...

Мұнда ең бай əдебиет музейі,
Керек мұны көру үшін мың зейін.
Ғалым туыс, дереу ұшып сонда бар
Десең егер «тарихымды іздеймін».
Он екі сүре – Қорқыт бабаң дастаны,
Барлық Түркі өлеңінің бас жағы.
Одан бері «Ашық керіп», «Смаил шах» –
Махаббаттың жарқыраған аспаны.
Ордубади, Мамедкулизаденің,
Хайрен ханум жалғастырған əдебін,
Күн шығыстың естігендей əуенін –
Құлағыңа келеді бір əдемі үн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу